Қазақстан мен Түркіменстан ат спорты саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін «Арғымақ» ат спорты кешенінде Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының басшысы Рустам Баялиев пен Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджеповтің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ат спорты саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, кәсіби және спорттық байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстанның бірлескен бастамаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Екі ел арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Тараптар тәжірибе алмасуды, спорттық байланыстарды дамытуды және ат спорты саласындағы перспективалы жобаларды жүзеге асыруды көздейтін ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеуге дайын екендерін білдірді.
Батыр Реджепов Қазақстандағы ат спортының қарқынды дамуын және еліміздің халықаралық спорт аренасындағы позициясының нығаюын атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін зор әлеует бар екенін жеткізді.
Өз кезегінде Рустам Баялиев Қазақстанның тарихи дәстүрлер ортақтығына, ұлттық ат спорты мұрасына деген құрметке және заманауи ат спортын дамытуға деген ұмтылысқа негізделген Түрікменстанмен ұзақ мерзімді әрі мазмұнды әріптестікті дамытуға ашық екенін атап өтті.
Қазақстан мен Түрікменстан — бай атбегілік тарихы бар елдер. Бүгінде ортақ мұра жаңа бірлескен бастамаларға, халықаралық ынтымақтастыққа және Орталық Азия ат спортының әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға негіз болып отыр.
Ортақ дәстүр. Дамуға деген ортақ ұмтылыс. Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері.