Астанада конкурдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді
13-15 қараша күндері Астанадағы «Арғымақ» кешенінде ат спортынан ең басты бәсеке – Кедергілерден секіріп өтуден (конкур) Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Жарыс ҚР Ат спорты Федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жабық манежде жүреді.
Бағдарлама келесідей:
12 қараша – командалардың келуі
13 қараша сағ. 16:00 – Ветеринариялық инспекция, техникалық жиын
14 қараша
сағ. 10:00 – Ашылу салтанатты
сағ. 10:30 – №1 Маршрут, «А» тобы (130 см)
сағ. 12:00 – №2 Маршрут, «В» тобы (120 см)
15 қараша
сағ. 10:00 – №1 Маршрут, «А» тобы (140 см)
сағ. 12:00 – №2 Маршрут, «В» тобы (130 см)
сағ. 16:00 – Марапаттау рәсімі
Жарысқа «А» тобында 7 жастан жоғары жылқылар, 16 жастан жоғары шабандоздар, «В» тобында 6 жастан жоғары жылқылар, 14 жастан жоғары шабандоздар қатысады.
Айта кетейік, чемпионатты ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Ат спорты Федерациясы ұйымдастырып отыр.
Өтінімдер 6 қараша, сағат 22:00-ге дейін aluais00@gmail.com поштасына қабылданады.