Жаңалықтар

Конкурдан жасөспірімдер мен юниорлар арасында ел чемпионаты өтеді

6-8 қарашада Астанадағы «Арғымақ» кешенінде жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкурдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Мақсат – ат спортын дамыту, ұлттық құрама мүшелерінің шеберлігін арттыру және болашақ чемпиондарды анықтау.
Жарыс кестесі келесідей:
6 қараша – Командалардың келуі
7 қараша
сағат 10:00 – Салтанатты ашылуы
сағат 10:30 – №1 Маршрут «Балалар» 100 см (12-14 жас)
сағат 12:00 – №2 Маршрут «Жасөспірімдер» 110 см (15-18 жас)
сағат 14:00 – №3 Маршрут «Юниорлар» 120 см (16-21 жас)
8 қараша
сағат 10:00 – №1 Маршрут «Балалар» 110 см
сағат 12:00 – №2 Маршрут «Жасөспірімдер» 120 см
сағат 14:00 – №3 Маршрут «Юниорлар» 130 см
сағат 16:00 – Марапаттау рәсімі
Бас төреші – Ирина Кнорр (МК1*), гранд-төрешілер алқасының мүшелері: Валерий Стародубов, Алуа Ишеева. Курс-дизайнер – Тамила Ерқанат.
Өтінімдер 1 қараша 22:00-ге дейін aluais00@gmail.com поштасына (№1 Қосымша формасы бойынша) қабылданады.

reg

Back to top button