Бас серіктес

Әлеуметтік
серіктес

2017 жылдың 17 қарашасында, Алматы қаласының Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебінің базасында, «Қазақстанның спорттық оқ ату федерациясы» ҚБ, «Қазақстан Республикасы ат спортының федерациясы» РҚБ, «Қазақстан Республикасының ұлттық семсерлесу федерациясы» ҚБ, Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясы жетекші мамандары мен жаттықтырушылары бас серіктес пен әлеуметтік серіктестің қолдауымен Жетісу ауданының тұрғындары мен жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының арасында спорттық фестиваль өткізді. Осы Фестивальды ұйымдастыруда Жетісу ауданының Әкімдігі де қатысты.

Іс-шараны өткізу мақсаттары:

-  халыққа дене тәрбиесі мен спортты тарату;

-  жастарды спорттық өмір салтына тарту;

- Қазақстан Республикасының жетекші спортшыларымен, жаттықтырушыларымен, спорт пен өмірдегі көшбасшылармен танысу.

Спорттық Фестивальге жеті жалпы білім беретін мектептердің 80-нен астам оқушылары қатысты.

 Іс-шара төрт спорттық алаңқайға бөліп өткізілді. Федерацияның жаттықтырушылар құрамы Олимпиадалық спорт түрлері туралы әңгімелеп берді. Ал жетекші спортшылар шеберлік сабақтарын өткізіп, өз спорт түрі бойынша жабдықтар мен киім-кешектерін көрсетті, және де шағын жарыстар өткізді.

Осылайша, стендтік ату спортшылары СШ Бердов Р., Нурланов В. өз жабдықтары мен киім-кешектерін көрсетіп, қарудың түрлері жайлы әңгімелеп берді, сондай-ақ шағын жарыстар өткізді. ҚР семсерлесу бойынша аға жаттықтырушысы Валерий Димов өз спорт түрі жайлы баяндап берді. Ал спортшылар өз жабдықтарымен таныстырып, шеберлік сағаты мен кішігірім жарыстар өткізді. ҚР су спорты түрлері жөнінде РОДО директоры Руслан Джолдыбаев, ҚР ашық суда жүзу бойынша бас жаттықтырушысы Николай Загриценко спортшылармен бірге өз спорт жабдықтарымен және киім-кешектерімен таныстырды, сондай-ақ шағын жарыстар өткізді. Осы Фестивальмен қатар, РЖСШМ базасында, Олимпиадалық бағдарламаның бірі – «атпен мәнерлеп жүруден», ат спорты бойынша «ҚР Федерациясы Кубогы» үшін республикалық жарыс өткізілді. Барлық қатысушылар Қазақстанның атпен мәнерлеп жүру бойынша жетекші спортшыларын тамашалау мүмкіндігін алды.

ҚР ат спорты бойынша аға жаттықтырушысы Олег Ткаченко  дүние жүзіндегі, Қазақстандағы ат спорты, ат спортының түрлері, ұлттық, Олимпиадалық ат спорты түрлері – кедергілерден өту, атпен мәнерлеп жүру және үш сайыс жөнінде әңгімелеп берді. ХДСШ Александр Тишков өз медальдерін көрсетіп, жеңістерге қалай жеткені туралы баяндап берді. Басқа спортшылар өз тәрбиеленушілері – спорттық, асыл тұқымды жылқылар жөнінде әңгімелеп берді.  Қалайтындарға атқа мініп, өздерін спортшы-шабандоз ретінде сезінуге мүмкіндік жасалды.

Қорытынды кезеңде шағын жарыстардың жеңімпаздары марапатталды, сұрақтарға жауап беріліп, жетекші спортшылардан қолтаңба алынды.

Іс-шара бас серіктес – «Samruk-Kazyna» және әлеуметтік серіктес –  «Samruk-KazynaTrust» Жобаларды дамыту қорының қолдауымен өткізілді.