Бас серіктес

Әлеуметтік
серіктес

Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазақстан Республикасының ат-жарыс федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестік филиалында  2017 жылы 3 тамыз мерзімінде өте қызықты және қайталанбас кездесу өтеді.  Мүмкіндігі шектеулі топ балалар иппотерапия оңалту әдісі және ат-жарыс спорт түрінде өздерін алғаш рет шабандоз болып сезіне алды. 

Оңалту әдісі иппотерапия және ат-жарыс спорт түрімен  психологиялық ахуалы бар 15 балалар танысу үшін Шығыс Қазақстан Облысы, Глубокое ауданы, Винный ауылы аумағында орналасқан Шығыс Қазақстан облысындағы   «Қазақстан Республикасының ат-жарыс федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ат-жарыс жаттықтыру ұйымы ЖШС «Титан» өндірістік-фирмасының және ат-жарыс манежі «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КММ саяхатқа келіп, кездесү жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының ат-жарыс федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кызметкерлері саяхатта балаларға түсінікті түрде жылқыларға қандай күтім керек екенін айтып, көрсетті. Ең батыл, өжет балаларға атқа жақындап, тазалауға және жалын тарап берүге ұсынды.

Саяхат соңында Шығыс Қазақстан облысындағы   «Қазақстан Республикасының ат-жарыс федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мамандары балалардың әр қайсына иппотерапия және ат-жарыс спорт түрінде сынақ жаттығуларын жүргізді.

- «Балаларды атқа отырғызбай тұрып, міндетті түрде балалар медбике мен басты жаттықтыру маман тексерулерінен өтулері керек, себебі балалардың психологиялық және дене бітім мүмкіндіктерін ескере отырып, қарастыру арқылы жаттығады» - деп, жаттықтырушы Екатерина Руденко ескертеді.

Ең бастысы атқа отырмай тұрып, әр ерекше балаға жеке қарым-қатынас жасап, ыңғайын тауып, білу қажет. Себебі ең алғашқы атқа отырып жаттығуы баланың қуанышы ғана емес, сонымен қатар қорқыныш, қобалжуын жеңудің бір әдісі болып табылады. Әр жаттықтырушының өз әдіс-тәсілі бар. Шабандоз өз психологиялық, ақыл-ой қиыншылықтарын жеңе білуі, жаңа ортаға бейімделуі және қабілеттерін дамыту өте маңызды.

2015 жылғы Дүние жүзілік арнайы Олимпиядалық Ойындарда 2 алтын, 4 күміс және 1 қола алқаларына жүлдегер болып, мүмкіндігі шектеулі Шығыс-Қазақстан шабандоздары бүгінгі таңда ат-жарыс спорт жаттығу түрі оңалту әдісі ғана емес қоғамда лайықты орын алатынын дәлелдеді.

Толық мәлімет алу ушін осы номерге хабарласуыңызға болады:

8 (705) 528 50 30  Руденко Екатерина Андреевна, katrin_rud@mail.ru.