Бас серіктес

Әлеуметтік
серіктес

2017 жылдың 17 қарашасында, Алматы қаласының Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша  республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебінің базасында, «Қазақстанның спорттық оқ ату федерациясы» ҚБ, «Қазақстан Республикасы ат спортының федерациясы» РҚБ, «Қазақстан Республикасының ұлттық семсерлесу федерациясы» ҚБ, Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясы жетекші мамандары мен жаттықтырушылары, бас серіктес пен әлеуметтік серіктестің қолдауымен Жетісу ауданының тұрғындары мен жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының арасында спорттық фестиваль өткізеді.

Іс-шараны өткізу мақсаты:

-  халыққа дене тәрбиесі мен спортты тарату;

-  жастарды спорттық өмір салтына тарту;

- Қазақстан Республикасының жетекші спортшыларымен, жаттықтырушыларымен танысу.

Іс-шараны оқушыларды төрт спорттық алаңқайға бөліп өткізу жоспарланып отыр. Федерацияның жаттықтырушылар құрамы Олимпиадалық спорт түрлері туралы әңгімелеп береді. Ал жетекші спортшылар шеберлік сабақтарын өткізіп, өз спорт түрі бойынша жабдықтар мен киім-кешектерін көрсетеді, шағын жарыстар өткізеді.

Осылайша, стендтік ату спортшылары қарудың түрлерін көрсетіп, таныстырады. Қаруды бөлшектеп бұзу және жинау бойынша жарыстар өткізеді. Семсерлесуші - спортшылар жабдықтармен таныстырып, шағын шеберлік сағаты мен кішігірім жарыстар өткізеді. Су спорты түрлерінің спортшылары (құрлықта) шынықтыру жаттығуларын көрсетіп, шағын жарыстар өткізеді. Осы Фестивальмен қатар, РЖСШМ базасында, Олимпиядалық бағдарламаның бірі – «атпен мәнерлеп жүруден», ат спорты бойынша «ҚР Федерациясы Кубогы» үшін республикалық жарыс өтеді. Мұнда Қазақстанның жетекші спортшыларын тамашалауға мүмкіндік туады.

Спортшылар ат спортының олимпиадалық түрлері – кедергілерден өту, атпен мәнерлеп жүру және үш сайыс жайлы әңгімелеп береді. Қорытынды кезеңде шағын жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау, сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ, мектеп оқушыларына атқа мініп, өздерін спортшы-шабандоз ретінде сезінуге мүмкіндік жасалады.

Іс-шара «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өткізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз:

+7 (701) 955 34 27, Ткаченко Олег, o.a.tkachenko@bk.ru.