Қазақстандағы ат спортының тарихы туралы қысқаша ақпарат

Қазақстан шабандоздары 1956 жылы Қазақстандағы ең алғашқы ат спортының мектебі ашылған сәттен бастап, 1993 жылға дейін КСРО-ның барлық Чемпионаттарына қатысып, бұл жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды (конкур - А. Тишков, үш сайыс - А. Калашников, А. Трубицын, ат үйрету - А. Танков).

Қазақстан командасы 12-Азия ойындарына (Херосима қ., Жапония), 15-Азия ойындарына (Доха қ., Катар), 16-Азия ойындарына (Гуанджоу қ., ҚХР), 17-Азия ойындарына (Инчхон, Корея), сондай-ақ 2014 ж. Франция Нормандиясындағы Дүниежүзілік ат ойындарына (Әлем чемпионаты) қатысты.

1999 ж. Сеул қаласында кедергілерден өту бойынша Азия чемпионатында Қазақстан командасы 2-орынды, ал Петр Соловьев жеке есепте 3-орынды имеденді. 2000 ж. Қытайдағы (Бейжің) Шығыс-Азиялық елдердің чемпионатында В. Гулевых жеке есепте екінші орынға шықты. 2005 ж. Азия чемпионатында (Тайвань) Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орын алды (П. Соловьев, Е. Мороцкий, О. Попеляев) және жеке есепте 1, 2-орындарды иемденді (Е. Мороцкий –1-орын, О. Попеляев – 2-орын.)

Біздің шабандоздар Әлем Кубогы Кезеңдерінің жеңімпаздары болды, ал 1998 жылдан бастап Әлем Кубогы Кезеңдері тұрақты түрде Қазақстанда өтеді. 1999 жылы Қазақстанның бастамасымен жаңа Орталық Азия Әлем Кубогының Лигасы құрылды. 1999-2000 ж. маусымының Орталық Азия Әлем Кубогы Лигасының бірінші жеңімпазы халықаралық сыныптағы спорт шебері Петр Соловьев атанды. Осылайша, жыл сайын Лиганың ең күшті спортшылары Орталық Азия лигасы өткізетін әлем Кубогы Кезеңдерінде кездеседі. Кезең нәтижелері бойынша Әлем чемпионатына қатысу мәртебесі берілетін жеңімпаз анықталады.

2011 ж. алғаш рет ат спорты III Қазақстан Спартакиадасының бағдарламасына қосылды. 

Қазіргі таңда Қазақстанда Халықаралық ат спорты федерациясы тарататын классикалық ат спортының (Олимпиада ойындары) барлық 3 түрі де дамуда:

1) кедергілерден өту (конкур);

2) ат үйрету (атпен жүрудің жоғарғы мектебі);

3) үш сайыс (конкур, ат үйрету және өрістік сынақтар немесе ашық жердегі кросс).

 

2017 жылға арналған негізгі міндеттер

Елімізде жаттықтырушылардың, тиісті материалдық базаның және спорт жылқыларының жоқ болуына байланысты спорттың классикалық түрлерімен қалалардың, облыстардың шектеулі Дене шынықтыру және спорт басқармалары, сәйкесінше БЖСМ, МЖСШМ, ОДО, жеке иеленушілер айналысады. Сол себепті елімізде ат спортын дамытудың басты міндеттері:

  1. Келешегі бар жас шабандоздар мен жылқыларға екпін жасай отырып, спорт мектептерінде, ОДО, МЖСШМ, РБЖСМ, ЖСШСМ, ат спорты клубтарында ат спортының олимпиада ойындарының түрлерін дамыту бойынша жұмысты үйлестіру.
  2. Конкур бойынша Әлем кубогы кезеңдеріне құрама команданың қатысуы, 2018 ж. Әлем Чемпионатына жолдама жеңіп алу. Конкур бойынша құрама команданың 2017 жылғы 15-24 қыркүйекте Ашхабад қаласында (Түркменстан) өтетін Азия ойындарына қатысу және командалық әрі жеке есепте кем дегенде бесінші орынды жеңіп алу. Жастарға екпін жасап, Қазақстан өңірлерінде конкурды дамыту.  
  3. Конкур бойынша жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына қатысу үшін жастар командасын дайындау (2018 жылы, Буэнос Айрес).
  4. Жаттықтырушылар құрамының тәжірибесін нығайту және төрелік біліктілікті арттыру. Жергілікті және шетелдік мамандармен төрешілер үшін семинарлар ұйымдастыру.
  5. Қазақстанда конкур мен ат үйрету бойынша Челленджерлерді ұйымдастыру және өткізу.
  6. Өңірлік жарыстарды өткізу герографиясын кеңейту, материалдық техникалық базаны және турнирлердің сапасын жақсарту.
  7. Демеушілер іздеу, ұлттық құраманың жетекші шабандоздары үшін асыл тұқымды спорт жылқыларын сатып алу бойынша жеке ат иелерімен жұмыс жүргізу.
  8. Елімізде ат спортын дәріптеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу.

Осы мақсаттарда 2017 жылы жоспарланған спорттық іс-шаралар

(3 түрге):

- барлық іс-шаралар - 49;

- халықаралық     - 23;

- өңірлік         - 14;

- ОЖЖ                - 8