Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының ресми сайтына қош келдіңіз!

Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының негізгі міндеті ең жоғарғы спорт нәтижелеріне жету және еліміздегі ат спортының дамуы үшін барлық спортшыларды, мамандарды және ат спортына құмар адамдарды біріктіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті таныды. Бұл Қазақстанда ат спортының түрлерін дамыту бойынша федерацияның нақты және ұзақ мерзімді спорт қызметімен айналысатындығын растайды.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес федерацияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің тануы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде салалық аккредиттеу рәсімін өту шарттарының бірі болып табылады, бұл федерацияларға Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін дамыту бойынша құзыреттілік береді.

Құрметті федерация мүшелері! 26.10.2016 ж. «ҚР Ат спорты федерациясы» РҚБ-нің Ұлттық Олимпиадалық комитетте аккредиттеуден өткендігін хабарлаймыз. Бұл болашақта жергілікті және шетелдік мамандармен төрешілердің, стюардтардың біліктіліктерін арттыру бойынша семинарларды ұйымдастыру, спорт разрядтарын, атақтарын және т.б. беру бойынша толыққанды жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Егер белгілі бір сұрақтарыңыз немесе ұсынымдарыңыз бар болса, Сіз сайттағы кері байланыс нысаны арқылы хабарлама жібере аласыз.